2024 жылғы 5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.
20 миллион теңге пара сұраған: Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды
1,240
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллинге қатысты тергеу жұмыстары жөнінде мәлімдеме жасады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Мәселен, Агенттік Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтады.

Олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда.  

2024 жылғы 5 желтоқсанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.