Ресейлік әнші Анна Седокова бұрынғы күйеуі Янис Тимманың қайғылы қазасынан кейін ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Осторожно, новости" Telegram-каналының хабарлауынша, видеода әнші дәрі тамызғыштың жанында жылап жатыр.
Седокова Instagram-дағы жазбаларына пікір жазылмайтындай етіп қойған. Өйткені желі қолданушылардың кейбірі баскетболшының өліміне оны кінәлап жатыр. Баскетболшы әншімен ажырасуын ауыр қабылдаған.
"Анна өзін нашар сезініп, неврологтың ұсынысы бойынша ауруханаға жатқызылды", - деді Седокованың PR директоры "Осторожно, новости"-ге.
Ресейлік әнші Анна Седокованың бұрынғы күйеуі, латвиялық баскетболшы Янис Тимма Мәскеуде өлі табылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.