Оқиға Ташкент облысының Пскент ауданында болған.
Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін келесі күні қайтыс болды
Фото: ubutovo.mos.ru
3,536
оқылды

Әлеуметтік желілерде үйлену тойының келесі күні улы газдан уланып ер адам мен әйелдің қаза болғаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Gazeta.uz-ға сілтеме жасап.

Оқиға Ташкент облысының Пскент ауданында болған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 желтоқсанда Пскент ауданының «Бірлік» махалласында 1995 жылғы ер адам мен 1997 жылғы әйел қайтыс болған.

Тергеуге дейінгі тексеру аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімге белгісіз заттан улану себеп болған.

Пскент ауданының прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеруді жалғастыруда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.