Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға көңіл айтты
Фото: Ақорда
155
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.