Ақын сіңлісін ауруханаға шақырып, аманатын жеткізген.
«Халықтың көңілін қалдырмашы...»: Құрманай Бақтиярқызының сіңлісі әпкесінің соңғы аманаты туралы айтты
Фото: видеодан кадр
355
оқылды

Ақын, сазгер, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері, марқұм Құрманай Бақтиярқызының сіңлісі Қарлыға Бақтиярқызы Koremis show бағдарламасында ақынның соңғы аманаты туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ақын сіңлісін ауруханаға шақырып, аманатын жеткізген.

«Өзі әлсіреп кеткен кезі еді. Бір тойға баруым керек еді, арнауымды кітапқа жазып берейін. Сен барып, басқарып, өлеңімді оқып, халықтың көңілін қалдырмашы деп аманатын жеткізді. Дәл өзі айтқандай тойға барып, арнауын оқып, халықтың ықыласына бөленіп келдім. Өзін ауырып жатқанын айтып, халықтан бата да алып келдім. Соңғы көргенім осы болды. Құрманай жазылды деп жүргенде  айырылып қалдық. Соңғы отадан кейін жатырдағы сәбидей 9 ай 10 күн өмір сүріпті. Алла Тағала бауырларымен қоштассыншы, бітпеген, діттеген істерін бітірсінші деп жіберген болар», - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Koremiz Show» бағдарламасы (@koremiz_show)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.