Бүгінгі қоғамда ауыл өміріндегі күрделі мәселелер аз емес. Әсіресе, күнделікті тұрмысқа қажетті жол мен ауызсудан бастап ғаламторға қолжетімсіздік, денсаулық пен білім саласына қатысты түйткілдер жиі көтеріліп жатады. Ауылдағы ағайынның ахуалын білмекке ұмтылсаңыз, осы сынды толғағы жеткен түйткілдерді тізбектей жөнеледі.
Теңіз төскейіндегі тоқыраған тіршілік
341
оқылды

Сыр бойын жағалай қо­ныс­танған шалғай ауыл халқының да мәселесі шаш-етек­тен. Жергілікті әкімдіктер та­ра­пы­нан ауқымды жұмыстар ат­қа­рылып жатыр деп сөз күйін­де ай­тылғанымен, алақандай ауыл­да тү­тін түтетіп отырған дүйім жұрт­тың талабы таудай. Соның ішінде об­лысқа қарасты Арал ауданында басы ашық мәселе көп. 

Бір кездері теңіз төскейін тө­рт түлігімен түлетіп, су мар­жа­ны­мен жан баққан өңір жұртының бү­гінгі тіршілігі тоқырай бас­та­ған. Жыл артына жыл салып күр­меуі күрделене түскен түйт­кіл­­­дір көптің өзегін өртеп тұр. Бұл тұрғыда шалғай ауылда тұр­мыс кешіп жатқан халықтың күн­­­делікті қажеттілігі реттелмей, та­лаптарын ескерер жан бой көр­се­тер емес. Жергілікті жұрт­шы­лық­тың мұңы осыған саяды. 

Аудан аумағында теміржол то­рабында тұрмыс кешіп жатқан Сек­сеуіл аталатын шағын ғана кент бар. Бұл елді мекеннің аума­ғы ат шаптырым жерді құраса да, мә­селесі бір түйеге жүк боларлық. Кент халқының басты сұранысы кө­гілдір отынға келіп тіреледі. Қан­ша жерден Сыр өңірінде газ­дан­дыру жұмыстары жоғары дең­гейде жүргізіліп жатыр деп ауыз толтырып айтқанымызбен, мұндай бақыт сексеуілдіктердің бағына әзірге бұйырар емес. 

Сонымен қатар ауыл халқы бір ауруханаға жарымай отыр. «Ба­сы ауырып, балтыры сыз­да­ған» халық қайда, кімге қара­ла­рын білмей әбігерге түседі. Ауыл­дан еміне шипа таппағасын, ау­дан­ға, облыс орталығына, одан қал­ды Алматы мен Астана сияқ­ты ірі қалаларға ат сабылтып бару­ға мәжбүр. Оның өзін бірінің қал­та­сы көтерсе, келесісіне қол­же­тім­сіз. Әйтеуір, әупірімдеп күн ке­шіп жүр. 

Жалпы, аталмыш кентте 20 мың­­­­ға жуық халық тұрады. Кент ау­­дан орталығынан 60 шақырым қашықтықта қоныстанған. Ауыл халқының негізгі тіршілік көзі те­­міржол депосымен тығыз бай­ла­нысты. Сонымен қатар ойсыл­қа­ра тұқымын өрістетіп, дәмі тіл үйі­ретін шұбатымен көпке мә­лім. 

«Сексеуілдің мәселесіне тоқ­талар болсам, ауылымыз 1938 жыл­дан бастап қала типтес елді ме­кен санатына кірді. Бүгінде тұр­ғылықты халықтың қарасы қа­лың. Нақты айтқанда, 20 мың­ға таяу халық мекендейді. Солай бо­ла тұрса да, кентте аурухана мә­селесі көп жылдан бері қор­да­ла­нып келеді. Себебі Кеңес ке­зеңін­­де кірпіші қаланған бұрын­ғы емхана ескіріп, жарамсыз күй­ге жеткен. Заманында бұл ғи­­­ма­ратта 40 орындық емхана мен пер­зент­хана жұмыс істейтін. Бертін келе перзентхана ғимараттың ескір­ген­дігіне байланысты жабылды. Бүгінде жүкті әйелдер аудан ор­та­лығына қатынайды. Ал 40 орын­дық емханада халық әу­пі­рім­­деп ем алып жүр. Соңғы 5 жыл­дықтың шамасында, тура­сын айтқанда, 2019 жылы жаңа емдеу мекемесін салу ісі қолға алын­ған болатын. Бірақ баянды бас­тама бес жылдай созбалаңға са­лынып, «сақалды құрылысқа» ай­налды. Себебі құрылыс ны­са­ны жемқорлықтың құрсауында қал­ды. Естуімізше, жыл аяғына дейін осы емдеу орнын пай­да­ла­ну­­ға беру жоспарланып жатыр екен. Әуелгіде халық бұған қуан­ған болатын. Бірақ тағы бір «әт­те­ген-ай» дейтін тұстары көрініп қа­лып жатыр. Тарқатып айтар бол­сам, бұған дейін 40 төсектік бо­лып жоспарланған емдеу орны 25 төсек-орны болып қысқартыл­ған деген қауесет бар. Себебі ғи­­мараттың бір бөлігіне жедел жәр­­дем, келесі бөлігіне перзент­ха­на ашу көзделген. Ал үшінші бө­­лігіне 25 орындық аурухана ашы­­латын көрінеді. Бірақ жоға­ры­да айтып өткенімдей, 20 мың­ға жуық халық тұратын кент­ке 25 орындық емдеу меке­ме­сі аздық ететіні сөзсіз. Сонда «Бастапқы жо­балық құжатта көрсетілген 40 тө­сек-орны қайда қалды?» деген сұ­рақ туындайды. Әзірге бізге се­бебі беймәлім. Сондай-ақ жаңа ауруханамызға жаңадан еш­қандай медициналық құрал-сай­мандар, төсек-жабдықтары алын­байтын көрінеді. Ескі емха­на­дағы құрал-жабдықтар кө­ші­рі­­­ле­ді екен. Сонда әу баста емдеу ор­нына қажетті құрал-жаб­дық­тар жоба-сметалық құжаттамаға ен­гізілмегені ме? Осы сауал көп­тің көңілін күпті етіп жүр», – деп мұ­ңын шақты кент тұрғыны Ға­бит Мырзашев.

Кент тұрғындарының тағы бір арманы – көгілдір отын­ның игі­лігін көру. Негізінен, об­лыс бойын­ша Арал ауданы газ­ға ал­ғаш болып қосылды. Дей­тұр­ған­мен, кейбір ауылдар әлі де пеш жағып отыр. Соның ішін­де сексеуілдіктердің көгілдір отын­ға қосылу сәтін күткеніне көп болған. 

Халықтың пікіріне сәйкес, кент­ті газдандыру мәселесі ең ал­ғаш 2022 жылы қолға алынып­ты. Алайда түрлі себеппен әлі күн­ге пайдалануға берілер емес. 

«Көгілдір отын төңірегінде де түйткіл көп. Ең алғаш кентті газ­дан­дыру мәселесін 2022 жылы сол кездегі аудан әкімі Серік Сер­­­­­мағанбетов ауылымызға жұ­мыс сапары барысында жұрт­шы­лық­қа сүйіншілеп жеткізген бо­ла­тын. Сол кездесуде халыққа жо­­­баны орындаушы мердігер ме­кеме StroyGazCompany ЖШС-ны таныстырған еді. Әкім­нің сол кездегі уәжіне құлақ түр­сеңіз, игі бас­тама сол жылдың күз айларын­да пайдалануға бе­рі­луі көзделіп отырғанын мәлім­де­ді. Бірақ сол кез­дегі әкімнің уәдесі құрғақ сөз күйін­де қалды. Кейіннен жобаны іске асырушы мекемемен екі жыл­ға келісімшарт жасалғанын біл­дік. Содан бермен қарай екі көк­тем, екі күз артта қалды. Сол кез­дегі уәде берген әкім облыс ор­талығына басқа қызметке ауы­сып үлгерді. Орнына жаңа әкім кел­ді. Бірақ әлі де жағымды жаңа­­­­лық ести алар емеспіз. Жы­лы крес­лоға жайғасқан жаңа әкім де жобаны жалғастыруға асық­пай­тын сияқты», – деп сөзін сабақ­та­ды кент тұрғыны. 

Бүгінде көгілдір отынды кү­ту­мен көздері талған сексеуілдік­тер ашынып отыр. Ең болмаса бас­таған жобаны аяқтауға құлық­сыздық танытып отырған жер­гі­лік биліктегілердің әрекетіне нара­зы. 

Елді мекен халқын жұмыс­сыз­дық мәселесі де есең­гіретіп отырғанға ұқсайды. Кент хал­қы негізінен теміржол депо­сы­мен жан бағып отыр. Екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүрген жастар өте көп.

Ауданға қарасты Беларан ауыл­дық округі Құланды елді ме­кені халқының да айтар базы­на­сы аз емес. Аудан орталығынан 300 шақырым қашықтықта ор­наласқан алақандай ғана ауылда ауызсу мен жолға қатысты мә­се­ле көп жылдан бері қордаланып тұр. 

«Біздің ауылда ауызсу мәсе­ле­сі өте өзекті. Күнделікті тұты­на­тын тіршілік нәрін су таситын ар­найы көлікпен тасып құяды. Бұ­ған дейін ауылымызға ұңғы­ма­­­­дағы суды тұщытатын қон­дыр­ғы орнатылды. Соның негі­зін­де үй үйге ауызсу тарту жұ­мыс­тары жүргізілетіні айтылды. Соңғы жылдары бізден 90 ша­қы­рым жердегі Ақбасты деген ауыл­ға қаладан ауызсу тарту жұ­мыс­тары бастау алған болатын. Атал­мыш жоба таяу күндері ел игі­лі­гіне пайдалануға беріледі деп кү­тілуде. Ал құландылықтар та­са­­да қалып тұр. Сонымен қатар жол мәселесі де жүйкені жұқарт­ты. Құланды ауылынан 35 ша­қы­рым жерде газ құбыры өтіп жа­тыр. Сол маңнан үлкен трасса са­­­­­лынған. Сол трассадан ауылға дейін тасжол салу мәселесі жиі кө­теріледі. Бұған дейін ауданның бұрынғы әкімі мәселені көзбен кө­ріп, жол салып беруге уәде ет­кен болатын. Бірақ нәтиже жоқ», – дей­ді Құланды ауылының тұрғы­ны Жасұлан Дәулетов.

Жалпы, облыс орталығынан шал­ғайда орналасқан Арал өңі­рін­де ахуалы алаңдатарлық ауыл­дар аз емес. Бірі жол азабын тарт­­са, екіншісі аяқсу мен ауыз­су­ға шөліркеп отыр. Көгілдір отын­ның игілігін көру арманға ай­налған ауылдардағы ағайын­ның жыры өз алдына бір төбе. 

Негізінен, ауыл десе елең­де­мей­тін қазақ жоқ. Біз де өз кезе­гін­де ауылдағы ағайынның ахуа­лын бағамдап көрдік. Қос ауыл­дың өзінде шешімін күткен мә­се­ле бар екенін білдік. Ағайын­ның ішкі жан қалауын сезіндік. 

Ең бастысы, ауылды көр­кей­туге күш саламын деген әрбір аза­мат бастаған ісін аяқсыз қал­дыр­маса игі. Ауыл дамыса, мем­ле­кет те дамиды деп әсте бекер ай­тылмаса керек. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы