Актриса өзіне қолдау көрсеткен көрерменге алғыс айтты.
«Жүректе сағыныш қалады екен»: 15 жылдан кейін "Шаншарға" оралған Жұлдызай Дүйсенбиева жылап қалды
Фото: видеодан кадр
1,125
оқылды

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 15 жылдан кейін "Шаншар" әзіл-сықақ театрының сахнасына қайта оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.       

Жұлдызай Дүйсенбиева "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбат барысында кештен алғаны әсері жайлы айтып, жылап қалды. 

Өнер иесі өзін танытқан "Шаншар" әзіл-сықақ театрының сахнасына қайта шығу ерекше сезім сыйлағанын жеткізді. Сонымен қатар өзіне қолдау көрсеткен көрерменге алғыс айтты.

"Халықтың қошеметі ерекше болды. Сахнадағы сезімімді айта алмаймын. Оны өзің сезіну керексің. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осыған дейін осыны армандайтынмын. Ішімде эмоциям толып жатты. Қошемет көрсеткен кезде осы күнге дейін жасаған еңбегімнің еш кетпегенін түсіндім. Халыққа сондай ризамын. Бәрін құшақтағым келеді. Мені сахнадан анам көріп, ол кісі де жылап қалды. Халыққа басымды жерге тигізіп тұрып, рақмет айтамын. ...Өмірде бір түсінгенім, біреуді сағынсаң оған ренжіп қалсаң да, бара салу керек екен. Ол сені көкірегіңнен итеріп жіберсе де, алдына баруың керек. "Шаншарға" 15 жылдық үзілістен кейін барып отырмын. 15 жыл бұрын ренжісіп, екі жаққа кеттік. Соның бәрі түкке тұрмайды екен. Ешкімнің ештеңесі кетпейді, жүректегі сағыныш қана қалады екен", - деді актриса.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.