NNN лақап атымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсынмен өзін не байланыстыратынын айтты.
«Көп сөйлесеміз»: Құралай Анарбекова блогер NNN туралы айтты
Фото: instagram.com/nnnurdaylet
624
оқылды

Актриса, продюсер Құралай Анарбекова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.      

Продюсер NNN лақап атымен танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсынмен өзін не байланыстыратынын да атап өтті.

“Біз бірге жұмыс істедік, алдағы уақытта да бірге жұмыс істейміз. Жақсы доспыз, көп сөйлесеміз. Қалғанын болашақта көресіздер. Әзірге айтарым жоқ", – деді актриса. 

Ол өмірде неден қорқатынын айтты.

"Жалғыздықтан қорықпаймын. Бәрі адамның қолында. Бұл өмірде қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ. Егер адам қаласа, қасына адам алуға болады. Құдай өзі кешірсін. Бірақ мен жалғыздықтан қашпаймын, мен түк жасамаудан, деградациядан қорқамын. Бір орында тұрып қалудан қорқамын", – деді актриса. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.