Өмірдің бұралаң жолында адамдығын жоғалтпай, жақынына жанашыр, еліне қамқор болған азаматтардың жомарттығын айтпасқа болмайды. Солардың бірі, Тайпақ өңірінің тумасы, қазіргі таңда Атырау қаласындағы беделді кәсіпкер – Нұртай Сахипов.
Осы кезге дейін де қайырымдылығымен елге танылған Нұртай Қайырұлының пандемия кезінде Тайпақ ауылдық ауруханасына 1,2 миллион теңге құрал-жабдықтар алып бергенін, жыл сайын «AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлайық» акциясына белсенді қатысып, 30-ға жуық балаға сабақ құралдарымен жабдықталған мектеп сөмкелерін алып беріп жүргенін айта кету керек.
Күні кеше Нұртай Сахипов өзінің туып өскен Тайпақ және Алмалы ауылдарындағы белсенді 10 оқырманды «AIQYN» газетіне жаздыруға демеушілік жасап, ауылдастарын тағы да бір қуантты.
«Бай болсаң еліңе пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін» дейді. Осы халық даналығы – Нұртай Қайырұлының негізгі ұстанымдарының бірі. Оған мысал ретінде жоғарыда Нұртай Сахиповты игілікті істері толық дәлел бола алады.