Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, электронды пошта, SMS, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жіберетініне назар аударамыз.
Алматының Мемлекеттік кірістер департаменті тұрғындарға үндеу жасады
Фото:depositphotos.com
835
оқылды

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті департамент пен аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылығының атынан жалған хабарламалар жіберетін алаяқтардың белсенділігі қайтадан артқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Бұл хабарламаларды интернет-алаяқтар WhatsApp, электронды  пошта, SMS, әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы жіберетініне назар аударамыз.

Осыған байланысты, департамент азаматтар мен кәсіпкерлерге аса қырағылық танытуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге, оның мазмұнын департаменттің немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратпен міндетті түрде салыстырып тексеруге кеңес береді.

"Азаматтарды күдікті хабарламаларға жауап бермеуге және департаменттің ресми сайтында немесе @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram аккаунтында көрсетілген контактілер бойынша фишингтік немесе алаяқтық жағдайлар туралы хабарлауға шақырамыз",– делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.