Енді eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жеке тұрғын үйді газға қосуға болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жеке үй иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн да ала алады. Қызмет QazaqGaz Aimaq АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады.
Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық жолды толтырып, мүлікке қатысты мәліметтерді растауы қажет.
Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда техникалық шарт беріледі.
Ол техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.