Ол 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан.
Әкімдік алдында өзін өртеп жіберген маңғыстаулық ер адам қайтыс болды
879
оқылды

Маңғыстау облыстық әкімдігінің алдында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпаратты облыстық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Руслан Бекібаев растады. 

Оның айтуынша, жәбірленуші оқиғадан соң ес жимастан 17 желтоқсан күні таңғы сағат 9-да қайтыс болғанын айтты. Ол 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. 

– Денесінде  98% термиялық күйік болды. Біз ол ауырсынуды сезінбеу үшін дәрі-дәрмекпен ұйықтаттық. Бірақ содан кейін оның қан қысымы төмендеп, күйіктен шок алып, қайтыс болды, – деді Бекібаев.

Еске сала кетейік, 5 желтоқсан күні маңғыстаулық ер адам облыстық әкімдік алдында өзін өртеп жіберген болатын. Ол облыс әкімінің қабылдауына кірмек болып барған.