Алматы қаласында белгісіз ер адам тұрғын үй кешеніне кіріп, екі адамды атып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға 20 желтоқсан күні таңертең Nef Uptown тұрғын үй кешенінде болды. Белгісіз ер адам элиталық үйдегі пәтерлердің бірін тонамақ болған. Бетперде киген адам өзін электрик ретінде таныстырып, есікті ашуды өтінген. Ал ашқан кезде ерлі-зайыптыны қарумен оқ атқан. Қарақшы полиция келгенге дейін жасырынып үлгерді.
Пәтер иелері аман қалды. Күдікті әлі іздестіріліп жатыр.
Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі бұл факт бойынша Наурызбай ауданының Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.