Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Заң­намалық өзгеріс­тер­ді талқылау ұсынылады
269
оқылды

Бірінші оқылымда Мәжіліс депутат­тарына денсаулық сақ­тау саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заң­нама­лық регламенттелуін болғыз­бау мә­селелері бойынша заң­намалық өзгеріс­тер­ді талқылау ұсынылады. Атап айт­­қанда, «Халық денсаулығы және ден­саулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс деңгейінде уәкілетті органның нұсқау­лықтар, ал­горитмдер мен регламенттерді, мамандықтар номенклатура­сын, қызмет­кер­лер лауазым­дары­ның біліктілік си­пат­тамаларын, денсаулық сақтау сала­сын­дағы көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекітуге қатысты өкілеттіктері мен басқа да бірқатар норма алынып тас­талады. 

Мәжілістің жалпы оты­рысы­ның күн тәртібіне түр­кітілдес мемлекеттердің ын­ты­мақтастық кеңесін құру ту­ра­лы Нах­чыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баж­дарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды ра­ти­фикациялау туралы заң жо­балары да енгізілген.

Сондай-ақ депутаттар аң­шылық саласы және жануар­лар дүниесін сақтау жөніндегі жаңа заң жобаларын жұмысқа алатын болады.