Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстандық екі азамат ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
ҰҚК Қостанай облысында ірі есірткі зертханасын анықтады
ҰҚК баспасөз қызметі
283
оқылды

15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Тінту барысында 2 келіге жуық дайын "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде",  делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.