Павлодарда караокеде микрофон бөлісе алмаған екі ер адамның жанжалы біреуінің пышақталуымен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Іrbistv.kz жазғандай, 2024 жылдың шілдесінде 52 жастағы ер адам танысымен барға барған.
«Караокеде микрофон үшін жанжал басталып, төбелес далада жалғасқан. Жанжал барысында айыпталушы пышақ шығарып, қарсыласының жүрек тұсына соққы жасаған», – деп жазылған материалда.
Павлодар қаласының №2 соты айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Айыпталушы өзін қорғағанын алға тартса да, сот бұл уәжді ескермеді.
«Пышақ жүрек тұсыма тиді деп ойладым, футболкам қанға боялып, есімнен танып қалдым», – дейді жәбірленуші.