Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Аяз ата резиденциясына барып, оған хат жазды, - деп хабарлайды Aykin.kz YK-news порталына сілтеме жасап.
Деректерге сүйенсек, қала әкімі Аяз атаға жазған хатында қала үшін желді күндердің көп болуын, су тасқынсыз көктемді, жемісті жыл мен жақсы жолдардың болуын тілеп жазған.
Ал әкім өзі үшін Аяз атадан денсаулық, шыдамдылық, мықты жүйке мен күш сұрады.
Дегенмен әкім хатын жәшікке салмай кетті. Айтуынша, алға қойған мақсаттарға еш сиқырсыз жету керек.