Қарағанды облысының полиция қызметкерлері «Қарағанды-Астана» тасжолында Audi A6 көлігін тоқтатты.
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
1,117
оқылды

Көліктен жалпы салмағы 266 келі болатын 13 қап марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны тізгіндеген Audi A6 көлігінде өзінің серігі де болған.

– Автокөлікті тексеру барысында артқы орындықтан және жүк салғыштан өсімдік тектес заттан тұратын 13 қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қапшықтағы зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.