Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқығының "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келеді.
Семейде шыршаны безендіріп жатқан мұғалім жарақат алды: министр жағдайды бақылауға алғанын айтты
Фото: istockphoto.com
459
оқылды

Семейде жаңажылдық шыршаны безендіру шараларына мұғалімдер қатысып, олардың бірі зардап шекті. Осы оқиғаға қатысты Оқу-ағарту министрі пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі. Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – "Педагог мәртебесі туралы" заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін", - деп жазды Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Facebook-тегі парақшасында.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы педагогтердің қоғамдағы рөліне ерекше мән беріп, олардың құқығының "Педагог мәртебесі туралы" заң аясында қатаң сақталуын әрдайым назарда ұстап келеді.

"Осы орайда білім басқармалары мен бөлім басшыларына заң талаптарын қатаң орындауға ерекше назар аударуды ескертемін. Қуат Айтқалиевтің отбасына шынайы қолдау білдіре отырып, оның тезірек сауығуын тілеймін. Қазіргі уақытта оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды", - дейді министр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.