Еліміз бойынша желдің күшеюі, тұман, батыста көктайғақ күтіледі.
Жел, көктайғақ, тұман: 23 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,034
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 23 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әлі күнге дейін циклон шұңқырының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен елдің көп бөлігінде боран соғып, қар жауады, елдің батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміз бойынша желдің күшеюі, тұман, батыста көктайғақ күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.