Қызметтік тергеу барысында қаланың үш мектебінің мұғалімдері жаңажылдық шыршаны орнатуға барғаны анықталды.
Семейде шырша безендіруге барған мұғалім биіктен құлап, қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті
Фото: semeyainasy.media
577
оқылды

Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалімнің биіктен құлау оқиғасынан кейін қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Arnapress-ке сілтеме жасап.

"Қызметтік тергеу барысында қаланың үш мектебінің мұғалімдері жаңажылдық шыршаны орнатуға тартылғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша осы мектептердің директорлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Мәселе облыс әкімі мен білім министрінің бақылауына алынды", – деді облыстық Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Семейде шыршаны безендіріп жатып құлаған мұғалімге қатысты пікір білдіріп, бұны заң бұзушылықтың айқын көрінісі деген болатын.

Сондай-ақ, мұғалімнің досы оның жағдайы қалай екенін айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.