"Қазгидромет" РМК 24-26 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
24 желтоқсанда республиканың көп бөлігінде, 25-26 желтоқсанда еліміздің батысында, солтүстік-батысында және шығысында атмосфералық бөлімдердің өтуімен және циклонның әсерімен қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Тек антициклон жотасымен еліміздің оңтүстігіне ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, еліміздің батысында көктайғақ күтіледі.
Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталық пен шығыста 20-35 градус аязға дейін болжанады, ал қалған аумақта температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.