Ақтау қаласының маңында болған ұшақ апатынан аман қалған жолаушылардың аты-жөні белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, аман қалғандар саны – 29. Оның ішінде екеуі бала.
Олар: Ресейдің 10 азаматы, Әзербайжанның 14 азаматы, Қырғызстанның 2 азаматы, Германиядан келген 1 адам (азаматтығы белгісіз), тағы екеуінің азаматтығы белгісіз.
ТЖМ ұсынған мәліметке сәйкес, ұшақта жалпы саны 69 адам болған, олардың алтауы – Қазақстан азаматы.