Өзгерістер 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Елімізде кедейлік шегінің мөлшері өзгерді
559
оқылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы бұйрыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылы 20 желтоқсаннан бастап "Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы" 2023 жылғы 19 мамырдағы бұрынғы құжатқа өзгерістер енгізілді.

– 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 35% мөлшерінде, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан төмен емес мөлшерде айқындалды, – делінген құжатта.

Өзгерістер 2025 жылдың 6 қаңтарынан бастап күшіне енеді.