Оларға медициналық көмек қажет болмады.
Құтқарушылар қар құрсауында қалған 5 адамды тапты
320
оқылды

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Ұлытау облысы Жезді кентінде 5 адам жоғалып кеткен. Олар жеңіл автокөлікпен «Бидаш-ана» шаруа қожалығына қарай шыққан. Содан хабарсыз кеткен. Бүгін туыстары құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ күштері бірден дронның көмегімен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру тобы жоғалғандарды тауып, Жезді кентіне эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Белгілі болғандай, техниканың бұзылуынан олар қар құрсауында қалып қойған.