Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі.
Тұман, жел, көктайғақ: 30 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
254
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 30 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп жазады Aikyn.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, елдің батысында, оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, республиканың оңтүстігінде қатты жауын-шашын жаууы күтіледі. Антициклон сілемінің әсерінен елдің солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.