Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
Қар, жел, бұрқасын: Жаңа жылда ауа райы қандай болады?
2,341
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 2024 жылғы 31 желтоқсан мен 2025 жылғы 2 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райына Скандинавия түбегінен ығысқан циклон әсер етеді.

1-2 қаңтар күндері солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста қар, бұрқасын, қатты жел болады,

Батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтілуде.

31 желтоқсан күні Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз - 10 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз - 2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін көтеріледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа температурасы күрт өзгермейді.