Авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясы Бразилияға ұшып кетті.
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилияға жіберілді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
376
оқылды

Қазақстан борттық өздігінен жазғыштарды (ұшақтың қара жәшігі) Бразилияға жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясы Бразилияға ұшып кетті. Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі.

Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан бұл Конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және  Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады. 

Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі Комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады.

CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылған, тиісті құралдармен жабдықталған және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар.

Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.