Талдықорған қаласында екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт газ-ауа қоспасының тарсылы салдарынан үйдің екінші қабатының, қабырғалар мен шатырдың бір бөлігінің құлауына әкелген. Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метр болды.
– Өрт сөндірушілер келгенге дейін үйден 7 адам, соның ішінде 3 бала алдын ала эвакуацияланды. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру бөлімшелері, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен құтқарушылар келді, – делінген ақпаратта.
Зардап шеккен тұрғындар алғашқы медициналық көмек алып, ауруханаға жатқызылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.