Америкалық танымал актерлер Брэд Питт пен Анджелина Джоли 8 жылға созылған сот процесінен соң ажырасу туралы келісімге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz The People-ге сілтеме жасап.
Заңгердің айтуынша, Джоли сот процесінен әбден шаршаған, дегенмен бұл кезеңнің артта қалғанына қуанышты. Ал Питтің өкілі ажырасу процесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты.
– Анджелина Джоли мен балалар бірге өмір сүрген уақытта жиған-терген мүліктің бәрін Брэд Питтке тастап, отбасы үшін тыныштық жолын таңдады, – деді актрисаның адвокаты.