Көлік жарылған сәтті куәгерлер түсіріп алған.
Лас-Вегастағы «Трамп» қонақүйінің жанында жарылыс болды
Фото: 9news
1,052
оқылды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Tesla-ға тиесілі кибер жүк көлігі жарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Өкінішке қарай, жарылыстан жүргізуші жан тапсырған. Тағы 7 кісі жараланды. Қайғылы оқиға «Трамп» халықаралық қонақүйінің жанында болды.

Федералды тергеу бюросы тергеу ісін өз мойнына алды. Билік жарылыстың лаңкестік әрекет болу мүмкіндігін тексеріп жатыр. Көлік жарылған сәтті куәгерлер түсіріп алған.

«Жарылысқа бомба немесе отшашу себеп болуы мүмкін», – деген  Tesla  компаниясының иесі Илон Маск жеке тергеу жүргізетінін мәлімдеді.