Шымкентте 2025 жылғы 2 қаңтарда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 7 адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға әл-Фараби ауданында Анарова көшесіндегі алты қабатты тұрғын үйде болған. Онда 2-қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шықты.
"Жедел келген өрт сөндірушілер 6 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, көрші пәтерлерден 7 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда", – делінген құтқарушылар ақпаратында.