Министр Кямаледдин Гейдаров 25 желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде құтқару операциясына қатысқан ҚР ТМЖ қызметкерлерін марапаттау жөнінде бұйрыққа қол қойды.
Әзербайжан билігі ұшақ апаты кезінде көмектескен қазақстандықтарды марапаттады
ҚР ТЖМ
1,867
оқылды

Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі, генерал-полковник Кямаледдин Гейдаров “Ынтымақтастық үшін” наградасына 10 азаматымызды лайық көріпті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Баку-Грозный бағыты бойынша бет алған "Әзербайжан авиакомпаниялары" ЖАҚ ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 2024 жылғы 25 желтоқсанда жүргізілген құтқару операциясына қатысқан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің тобы марапатталды", – делінген  Әзербайжан ТЖМ таратқан ақпаратта.

Награда алған құтқарушылар:

- Сейталин Азамат  

- Аминов Тимур  

- Айдаров Қани   

- Қараев Саясат  

- Кенжеғалиев Мәжит  

- Құлханов Әзімбек  

- Күзембаев Ербол  

- Меңдібаев Наурызбек  

- Нұғыманов Ардақ   

- Тлеубергенова Айман