6 қаңтар күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған құны 1 теңгеге көтеріліп, бағасы 527,30 теңге болды.
Таңғы сауда қорытындысы бойынша юань бағамы 0,22 арзандап, 71,62 теңгеге жетті.
Валюта айырбастау пунктерінде доллар 529,25 – 533,55 теңгеден, еуро 542,09 – 548,70 теңгеден, рубль 4,96 – 5,07 теңгеден сатылып жатыр.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 526,11 теңге, еуроны 542,31 теңге, рубльді 4,76 теңге деп белгілеген болатын.