Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжанов Батыс Қазақстан облысында «Жайықтеплоэнерго» АҚ жылу электр орталығының ұжымымен кездесті.
Жылу электр орталығына барды
фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
237
оқылды

Асхат Рақымжанов өз сөзінде жылу электр орталықтарының жұмысы Мәжілістің ерекше назарында екенін, сондықтан бірін­ші кездесу осы жерден басталғанын атап өтті.

«Жайықтеплоэнерго» АҚ бас директоры Бақытжан Әкімғожин орталықтың Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен ме­кемелердің бірі екенін, қаланы жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырғанын айтты. Оның құрылысы 1953 жылы басталып, 1960 жылы 22 желтоқсанда бірінші турбо агрегат іске қосылған. 

Бүгінде жылу электр орталығының 88 пайызы тозған. Сондықтан реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы, бірінші турбо агрегатты ауыстыру бес жыл бұрын басталып, 2025 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарланған.

– Мұндағы өзекті мәселе – жабдық­­тардың қымбаттығы. Делдалдар арқылы сатып алатын болғандықтан, тарифке де әсер етуі мүмкін. Жұмысшылардың ай­туын­ша, орташа жалақы 200 мың теңгенің айналасында, сондықтан жастардың мұнда жұмыс істеуге деген қызығушылығы төмен, – деді Асхат Рақымжанов. 

Осыған орай кәсіпорын қызметкерлері жас мамандарды қолдау шараларын қарастыруды сұрады. Өз кезегінде, Асхат Рақымжанов Парламентте қабылданып жатқан заңдар туралы айтып берді. Соның ішінде «Жылу-энергетика» туралы заңның артықшылықтарын түсіндірді. 

Ә.САМАТҰЛЫ