Жұмысшылар үшін ипотека, сонымен бірге жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламалары іске қосылмақ.
Премьер-Министр жұмысшыларға жеңілдетілген ипотека мен жалға беру бағдарламаларын қосуды тапсырды
istockphoto.com
228
оқылды

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкіметтің сәрсенбідегі отырысында жұмысшылар үшін ипотека, сонымен бірге жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырды.

"Жұмысшы мамандарды әлеуметтік қолдаудың үздік корпоративтік тәжірибесін кеңінен пайдаланып, жаңаша ынталандыру тетіктерін енгізу керек. Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы мамандар үшін ипотека, сонымен бірге жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдіктер, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы салалық және өңірлік жоспарларды дұрыстап іске асыруды тапсырды.

– Барлық іс-шара жүйелі, нәтижелі және олардың әлеуметке, экономикаға айтарлықтай әсері болуы тиіс. Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу мәселелерін үнемі бақылауда ұстайды, – деп ескертті Олжас Бектенов.