Алматы – Анталья бағытында ұшқан ұшақ Ақтау әуежайына қонды.
Тағы бір ұшақ Ақтауға қонуға мәжбүр болды
Фото: Pixabay
908
оқылды

Алматы – Анталья бағытында ұшқан ұшақ Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Air Astana Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты рейс 9 қаңтарда сағат 09:20-ға ауыстырылғанын мәлімдеді.

«8 қаңтарда Алматы – Анталья бағыты бойынша КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08:35-те ұшып кетті. Техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды. Бұған орталық бактың отын жүйесінің сақтандырғыш клапанының ақаулығы себеп болды. Рейс Алматыдан қосалқы бөлікті жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарда сағат 09:20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақүйге орналастырылды. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қолданылып жатыр», – делінген хабарламада.