Мұндай балалар дүниежүзілік акушерлік практикада «алып ұрық» деп аталады.
Жамбыл облысында салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
675
оқылды

Жамбыл облысында салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай балалар дүниежүзілік акушерлік практикада «алып ұрық» деп аталады. 

Дәрігерлер мен жоғары біліктіліктің арқасында үлкен артықшылыққа ие болған «кесарь тілігінің көмегімен» жас ананың алғашқы босануы сәтті өтті. Өйткені босану жарақаттары мүлдем болған жоқ. 

Салмағы 6 келі 140 грамм болып сәби дүниеге келді.

Бүгін Қордай аудандық ауруханасы анасы мен жаңа туған нәрестені перзентханадан шығаруға дайындалып жатыр.