Көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.com
693
оқылды

ҚазАвтоЖол Жамбыл, Жетісу  облыстарында көлік қозғалысы шектелетінін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2025 жылғы 8 қаңтар сағат 20:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" а/ж (Жаңа Қордай асуы) 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Жолды 9 қантар сағат 10:00-де ашу жоспарланған. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылатын болады.

 Сонымен қатар Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді.

«2025 жылғы 8 қаңтар сағат 21:00-де Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Алматы-Өскемен” автожолының 276-325 шақырым аралығындағы учаскесінде (Талдықорған қаласынан Қызылағаш ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада. 

Жолды 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 01:00-де ашу жоспарланған.