Бүгін Бұланды ауданына қарасты Макинск құс фабрикасында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.
Тілсіз жау бройлер құстары орналасқан жайда төселген материалдан тұтанған.
Құтқарушылар жеткенде бройлер алаңындағы шіри бастаған материалдың өртенгені анықталды. Өрт 2 шаршы метр аумақты шарпыған.
– Өрт сөндірушілердің ұйымдасқан жедел әрекетінің арқасында өрт жылдам ауыздықталып, сөндірілді. Бірде-бір құс зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің себептері анықталуда, – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы