Атырауда 45 жастағы әйел көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қайғылы оқиға 9 қаңтар күні болған. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
– Күндізгі сағат 11.00 шамасында 1979 жылғы әйел Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағынауданындағы көпқабатты үйдің бірінің 8-қабатынан құлаған. Қазір әйелдің өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр, – делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір кешенді тергеу амалдарын жүргізу басталды. Әйелдің тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлауына не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның себебі тергеу кезінде анықталады.
Баян ЖАНҰЗАҚ, Атырау облысы