Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.
Қарағандыда пәтер өртеніп, екі бала қаза тапты
244
оқылды

Қарағанды қаласында 9 қаңтарға қараған түні Пришахтинская көшесінде екі пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде шатыр мен тұрмыстық заттар өртке оранды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрайтын өртті ТЖМ қызметкерлері толықтай сөндірді.

"Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өз бетімен шығып, "көмірқышқыл газынан улану" деген алдын ала диагнозбен балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 1964 жылы туған әйелді аман алып қалды. Ол Мақажанова атындағы емханаға көмірқышқыл газына уланып, күйік шалып жатқызылды. Ең сорақысы, құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туған екі баланың мәйітін тапты, – деп мәлімдеді Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу.

"Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.