Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат – мамандардың жалақысын арттыру.
Ақпан айынан бастап елімізде электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
1,057
оқылды

Қазақстандағы 36 энергия өндіруші ұйым электр энергиясының шекті тарифтерін түзету бойынша өтінім берген,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сонымен қатар үш жаңа компания энергия өндіруші ұйымдар тізіміне кіру үшін жаңа тариф енгізуді ұсынған. Осыған байланысты Энергетика министрлігі шекті тарифтерді көтеру бойынша бұйрық әзірледі.

Алдағы уақытта бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін. Оны 22 қаңтарға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жариялады.

Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат – мамандардың жалақысын арттыру. Сондай-ақ энергетика саласындағы кадр тапшылығы мен жанармай бағасының өсуі себеп болған.