Актер балаларының болашағы үшін өнерден бас тартуға дайын екенін айтты.
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
aikyn.kz
930
оқылды

Елге белгілі актер Рүстем Жаныаманов күтпеген мәлімдеме жасады. Ол өнерден кетіп, кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарлап жүргенін жеткізді.  Әртіс бұл туралы Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.

– Жалықтым дегеннен Құдай сақтасын. Бірақ қазір Жанарға кәсіпке қарай бет бұрғым келеді деп көп айтып жүрмін. Өнерден кету ойда бар және ол солай болатын сияқты. Меніңше, өле-өлгенше өнерде жүрген дұрыс емес сияқты. Басқа саланы көру керек. Балалар өсіп келе жатыр. Оқыту керек, оңай емес. Өнерді сағынбаймын, қоштасуға дайынмын", – деді Рүстем Жаныаманов