Ұшқыш оқиға орнында қаза тапты.
Тағы да ұшақ апаты: Бразилияда әуе кемесі жанып кетті
cmn.kz
1,271
оқылды

Бразилияда Cessna Aircraft бизнес-джет ұшағы жанып кетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz  Сmn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұшақ Бразилияның Убатуба қаласындағы Гастон-Мадейра әуежайына қонбақ болған. Алайда ұшақ ұшу-қону жолағының шегінен шығып кеткен. Сөйтіп қалалық жағажайға дейін жетіп, жергілікті скейт-парктің жанында жарылған. 

Бортта бес адам болған. Әуе кемесінің ұшқышы оқиға орнында қаза тапты. Ал қалған жолаушыларды жергілікті тұрғындар ұшақ бөліктерінің астынан шығарып, құтқарып үлгерді. Зардап шеккендердің арасында балалар ғана емес, жағажайда демалып жатқандар да бар. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ апатының себебі – ауа райының қолайсыздығы мен жаңбырдың салдарынан ұшу-қону жолағы ылғалданып қалған.