Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов SHYNDYK LIVE подкастында мұғалімдердің жалақысы, ұстаз тапшылығы, білім беру жүйесіндегі мәселелер туралы айтты.
«Біз мұғалімдердің жалақысын үш есеге жуық арттырдық. Бүгінде олар басқа салалардағы, тіпті көршілес елдердегі әріптестерінен де көп алады», - деді Аймағамбетов.
Десе де, депутат 10 мың мұғалім тапшылығы туралы хабарламаны екіұшты деп санайды. Оның айтуынша: Астана сияқты ірі қалаларда қазақ тілі мен дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері жұмыс таппай жүр. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде мұғалімдердің нақты тапшылығы байқалады, онда біріктірілген сыныптар бар, сабақ сағаттары аз, тиісінше, жүктеме төмен және 0,5 жалақыға қандай математика немесе ағылшын тілі мұғалімі келеді?
«Жыл сайын педагогикалық жоғары оқу орындарын 40 мыңға жуық мұғалім бітіреді, бірақ олардың көпшілігі, әсіресе дене шынықтыру және қазақ тілі пәні мұғалімдері нарықтың осы мамандықтарға толы болуына байланысты жұмыс таба алмай жүр», - деді депутат.