Бүгінде олардың саны 200 мыңнан асады.
Елімізде онкологиялық дертке шалдыққандар саны жыл сайын 5-7 пайызға артып келеді – депутат
Денсаулық сақтау министрлігі
240
оқылды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов SHYNDYK LIVE подкастында Денсаулық сақтау кодексіне енгізілген маңызды өзгеріс туралы айтты, – деп жазады Aykin.kz.

Енді міндетті медициналық сақтандыруға жатпайтын 4 миллионға жуық қазақстандық онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін тегін скринингтен өте алады. Бұл, әсіресе, қатерлі ісік ауруы асқынған кезеңде диагноз қойылған мыңдаған адамдар үшін өте маңызды.

Депутат сонымен қатар Үкімет денсаулық сақтау шығындарын азайтуды жоспарлап отырғанын айтты:

* Онкологиялық науқастарды емдеуге – 20 млрд теңге

* Онкогематология бойынша – 5 млрд

* Гемодиализге – 7 млрд теңгеге жуық

* Хоспистерге (паллиативтік көмек) – 4 млрд теңгеден астам.

Әлеуметтік комитет депутаттары бұл қаражатты бюджетте ұстауды, жүздеген мың қазақстандықтың құқығын қорғауды талап етті.

Сонымен бірге, мәжілісменнің айтуынша, елімізде онкологиялық дертке шалдыққандар саны жыл сайын 5-7 пайызға артып келеді, бүгінде олардың саны 200 мыңнан асады. Қатерлі ісік жасарып барады және сәулелік терапиямен қамту 40%-дан аз.