"ҚазАвтоЖол" Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
Батыс Қазақстан облысы:
– Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 273-392 шақырым аралығындағы учаскесі (Барбастау ауылы -Жымпиты ауылы);
– Орал-Тасқала-РФ шекарасы автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскесі (Орал қаласы-РФ шекарасы);
– Атырау-Орал автожолының 372-492 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақжайық ауылы-Орал қаласы).
Жолды 2025 жылғы 11 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.