Тележүргізуші мен әзілкештің арасында дау туындап, соттасуға дейін барған еді.
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Фото: видеодан кадр
511
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жайдарманшы, әзілкеш Нұрболхан Шараповпен соттасқаны үшін өкінетінін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

“Нұрболханмен бекер соттасыппын. Қазір түсініп отырмын, ол да эмоциямен кетті, мен де эмоцияға беріліп кеттім. Өзіне де күліп айтамын, “кіші болып сен қоймадың, үлкенмін деп мен тоқтамадым” дедім. Біздің ақымақтығымыз да сонда болды. Ол да жеке де, елдің көзінше де кешірім сұрады. Ол да ұялатынын айтты. Ол да біздің болмашы дүние үшін қырық пышақ болғанымызды түсініп тұр. Қазір ойлап отырсам, сол кезде ол менің қытығыма тиген болуы керек”, – дейді тележүргізуші. 

Еске салайық, Сұлтанқызы жүргізген отандық бағдарламада көтерілген тақырыптың бірі жайдарманшының шамына тиіп, ол бағдарламаны қатаң сынға алған еді. Алайда бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханның бұл сынын орынсыз санап, оны жеке басыма тіл тигізді деп айыптап, сотқа берген.

Дау өршіп, іс сотқа дейін жетті. Істе әзілкеш жеңіп шықты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.