Елімізде өткен жылы рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды.
Түркістан облысында 110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
729
оқылды

1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген,  деп жазады Aykin.kz.

Қазақстан паспортын алғандардың ең жасы 10 күндік сәби болса, ал ең егдесі  110 жаста. 

Ол Түркістан облысы Жетісай ауданында тұратын Оңай Бегімбаева. 

"Төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен соң, полиция қызметкерлеріне айттық. Міне, әкеліп отыр бүгін. Шетелге шығатын да паспорт берді. Жеке куәлік те берді", – деді Бегімбаеваның ұлы Жұмамұрат Бекбаев. 

Жуырда ауданның полицейлері қарияға жаңа жеке куәлігі мен төлқұжатын үйіне жеткізіп берген. Оңай апа бүгінде үш қызы мен екі ұлынан 33 немере мен 25 шөбере сүйіп отыр.